«Кепіл беремін» – келешегі кемел бағдарлама
Қазақстандық белгілі кәсіпкер Марғұлан Сейсембаев отандық сапалы өнімдерді қолдау мақсатында «Кепіл беремін» (Я отвечаю) бағдарламасын қолға алды. Бағдарлама аясында қазақстандық кәсіпорындардың жағдайы жіті бақыланып, қолдау білдірілмек. Кәсіпкер қолға алған бастама алғашқы күндерден-ақ көпшілік тарапынан үлкен қолдауға ие болып, алғышарттарын бастап та кетті. Аз уақытта 400 000 адам қолдау білдірген жобаның құпиясын бірінші болып ашуға тырыстық.