Ермек Тұрсыновтың "Кенже" фильмі прокатқа шықты

Бұл фильм - режиссердің "Келін", "Шал" және "Кенже" деген үш бөлімнен тұратын трилогиясының соңғы бөлімі. Фильмде ата-анасынан ерте айырылған ағайындылар өмірі көрсетіледі. Балалар үйіне барғысы келмеген олар ауылдан қалаға қашып кетеді. Арада біраз уақыт өткенде ержеткен екеуі кісі өлтіруді табыс көзіне айналдырады. Бас кейіпкерлер сатқындықты, түңілу мен қатыгездікті бастан өткереді. Фильмдегі басты кейіпкердің рөлін қазақстандық жас актер Жандос Айбасов сомдаса, оның әйелінің рөлін Айнұр Ниязова ойнады. Сонымен қатар, көрермендер лентада ресейлік актерлер Ольга Зайцева мен Михаил Хмуровты және Эдуард Ондарды көре алады.