Сан түрлі сауал. 25-шығарылым
Әр дүйсенбі сайын шығатын "Сан түрлі сауалдың" бүгінгі санынан көретіндеріңіз: Маңғыстауды Түрікменстанға қосу жөніндегі ұсыныстарға тойтарыс берген, тың өлкесіне біріктірілген солтүстік облыстарды Ресейге, Оңтүстік Қазақстанның мақта егетін аудандарын Өзбекстанға беруге қарсы шығып, өз жерін қызғыштай қорғаған қазақтың біртуар азаматы Жұмабек Тәшеновтың бейнесі жастар жадында қаншалықты сақталған екен? Алатаудың етегінде орналасып, Алматыға көрік беріп тұрған Медеу мұз айдыны қай жылы пайдалануға берілгені зерделі жастардың есінде ме? "Ныспы" сөзінің мағынасы қандай?