"Өмір. Театр. Кино" - Ыдырыс Ноғайбаев пен Фарида Шәріпова

Отанға, өнерге, бір-біріне деген ұлы сүйіспеншілік сезімі оларды биікке көтерді. Оларсыз қазақ театрын, қазақ киносын елестету мүмкін емес. "Өмір. Театр. Кино" бағдарламасының кезекті санын назарларыңызға ұсынамыз. Бүгінгі шығарылым халық ілтипаты мен ықыласына бөленген қос дарын иесі Ыдырыс Ноғайбаев пен Фарида Шәріповаға арналмақ.