"Өмір. Театр. Кино" - Шәмшәгүл Меңдиярова мен Бақытжан Әбішев

"Өмір. Театр. Кино" бағдарламасының кезекті шығарылымын назарларыңызға ұсынамыз. Халқымыздың театр, кино өнеріне еңбегі сіңген тұлғаларды көрерменмен жақынырақ таныстыруды мақсат тұтатын бағдарламаның бүгінгі саны Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі, сахна  төрінде тұрып, қай образды кескіндесе де көрерменін иландыра алған Шәмшәгүл Меңдиярова мен ол кісінің өмірлік серігі, мүсінші Бақытжан Әбішевке арналмақ.