"Өмір. Театр. Кино" - Мүлік Сүртібаев пен Әйкен Мұсабекова

Өнер жолында танысып, табысқан жұптардың қатарында Қазақстанның халық артистері Мүлік Сүртібаев пен Әйкен Мұсабекова да бар. Көз көрген әріптестерінің есінде өмірін өнерге арнаған асыл жандар, үлгілі отбасы ретінде сақталған тұлғалардың өнермен өрленген өмір жолы "Өмір. Театр. Кино" бағдарламасының бүгінгі шығарылымына негіз болмақ.