"Өмір. Театр. Кино" - Махпуза Байзақова
"Өмір. Театр. Кино" бағдарламасының бүгінгі шығарылымы бойына біткен дарынымен, еңбекқорлығымен замандастарының құрметіне бөленген, сонымен қатар, өзіне тиесілі рөлдерді жан дүниесімен түйсіне бейнелеп, сахнада шынайы өмір сүре білуі арқылы көрермен ықыласына бөленген Махпуза Байзақоваға арналмақ. Әкесі Иса Байзақов пен анасы Шәрбану Байзақованың ізін жалғастырушы, бүгінде қазақ өнерінде өзіндік орны бар тұлғаға айналған жанның өмірімен таныс боламын десеңіздер, видеоға назар салыңыздар.