"Өмір. Театр. Кино" - Қамал Қармысов

Кейіпкердің кескін-келбетін, қимыл-қозғалысын дәл тауып, оны ішкі жан дүниесімен жақсы шендестіре алған актерлардың бірі әрі бірегейі Қамал Қармысов. "Ол режиссер қиялындағы әлі көмескі образды көп толғап жатпай-ақ, аса бір сезгіштікпен бір-екі ғана штрих арқылы бейнелей білген шебер еді" - дейді көзін көргендер. Назарларыңызға "Өмір. Театр. Кино" бағдарламасының кезекті шығарылымын ұсынамыз. Бүгінгі санда ұлттық кәсіби театрға келген өнерпаздардың екінші толқынына жататын әйгілі актер, Қазақстанның халық әртісі Қамал Қармысовтың сахна және кинодағы сомдаған рөлдері, өмірлік жолы кеңінен әңгімеленеді.