"Өмір. Театр. Кино" - Хабиба Елебекова

"Білім және Мәдениет" арнасы ұсынған "Өмір. Театр. Кино" бағдарламасының бүгінгі шығарылымы XX ғасырдың басында дүниеге келіп, қазақтың басынан өткен небір нәубет жылдарды өз көзімен көрген, 70 жылдан астам ғұмырын өнерге арнаған дарынды актриса Хабиба Елебекова жайында болмақ. Басынан көп қиындық өтсе де өжеттілік танытып, небір қиындықтарға төтеп бере алған асыл жанның өмірі мен шығармашылығы жайында мол ақпарат алғыңыз келсе, видеоға назар салыңыз.