"Өмір. Театр. Кино" - Ерік Әдісбек
Олар сахнадан көрінбегенімен қойылымның сәтті шығуы жолында көп еңбектенеді. Режиссердің ойын іске асыру үшін сахна кеңістігін игеру арқылы белгілі бір дәуірдің рухын, тұрмысын, тынысын, күйін, болмысын бояумен жеткізуге күш салатын кәсіп иелерінің жан дүниесі қандай болуы керек? Бұл сұрақтың жауабын "Өмір. Театр. Кино" бағдарламасының Ерік Әдісбекке арналған шығарылымынан таба аласыздар.