"Өмір. Театр. Кино" - Елубай Өмірзақов

Қазақ халқы театр, кино, жалпы өнер саласында дара дарынға кенде емес. Олардың кешегі, бүгінгі өнері мен өмірі – ертеңгі тарих. Тынымсыз еңбек пен бойға дарыған өнердің арқасында театр мен кино әлемінде көрермендерін тәнті еткен саңлақтардың күнделікті тірліктері, өнегелі істері кейінгі ұрпаққа тәлім-тәрбие болары хақ. Назарларыңызға "Өмір. Театр. Кино" бағдарламасының бірінші санын ұсынамыз. Бүгінгі шығарылым ұлттық театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі, актер Елубай Өмірзақовқа арналмақ.