"Өмір. Театр. Кино" - Бекжан Тұрыс

Ол Мұхтар Әуезов атындағы ака­демиялық драма театрдың сахнасында елуге тарта рөл ойнады. Бала мен дананы да, жас пен қарияны да сомдаған ак­тер драмалық рөлдерінде көрерменін егілтіп жылатса, комедиялық рөлдерінде ішек-сіле­сін қатырып күлдірді. Күлдіріп отырып, жылататын да кезі аз емес. Қоғамның ащы мәсе­лелерін сахна тілінде сөйлете алатын ол сахнада кейіпкерін емес, өзін ойнайды. Назарларыңызға "Өмір. Театр. Кино" бағдарламасының актер Бекжан Тұрысқа арналған санын ұсынамыз.