"Өмір сынағы" (15-бөлім)
Маңдайыңа не жазылғанын алдын ала болжап білу мүмкін емес. Біз жарқын да бақытты болашаққа сеніп, келер күннен үлкен үміт күткенімізбен тағдырдың бұл ретте өз жоспары барын еске ала бермейміз. Тағдырдың жазғанына қарсы жүру — бекершілік десек те, ешкім күресуге, басыңа салынған сынақты өзіңнің қалауыңа ыңғайлы етіп өзгертуге талпынба демейді. Бұл телехикаяның бас кейіпкерін өмір бір емес, бірнеше мәрте сынайды. Дегенмен алдынан қандай қиындық шықса да, ол бақытты болу үшін соңына дейін күресуге дайын екенін дәлелдеуге ұмтылады. Өмірімен көпшілікке үлгі бола алған жан туралы түсірілген "Өмір сынағы" телехикаясын назарларыңызға ұсынамыз.
Көре отырыңыздар:
"Өмір сынағы" (15-бөлім)