"Өмір жолы" - Әлкей Марғұлан
"Өмір жолы" бағдарламасының бүгінгі шығарылымы Ұлттық археология мектебiнiң негiзiн қалаушы, әдебиеттанушы, шығыстанушы, өнертанушы ғалым Әлкей Марғұланға арналмақ. Әйгілі Арқаның Бетбақдаласынан бастап, қасиетті Баян жеріне дейінгі аралықты түгелдей шарлап, тамыры тас дәуірінен бастау алатын көнелердің орнын анықтап, ежелден бері қазақ жері иесіз жатқан жер емес екенін шама шарқы жеткенше дәлелдеген тұлғаның өмірімен танысқыңыз келсе, видеоға назар салыңыз!