Қазақтың Қанаты АҚШ-тағы кәсіпқой бокстың құйтырқы әрекеттерімен бөлісті
Бүгін Алматыда "Қазақ" деп, ұрандап жүрген кәсіпқой боксшы Қанат Исламмен баспасөз маслихаты өтті. Журналистермен алғаш рет өткізіліп отырған жиынға жанашырлары мен жанкүйерлері де келген екен. Соңғы уақытта елдің құлағын елең еткізер сұрақтардың барлығына жауап берген спортшы АҚШ-тағы ата кәсіптің құйтырқы әрекеттері туралы да сөз қозғады. Соның бірі колумбиялық Хуан де Анхельмен болған жекпе-жектің алдындағы бапкерінің жасаған опасыз қылығы. Сонымен қатар Генамен салыстыратын сауалдың да жауабына нүктесін қойып, болашақта мықтылармен жұдырық түйістіретінін тілге тиек етті. Бұған дейін 21 кездесу өткізіп, 18 қарсыласын нокаутпен құлатқан батыр жиын соңында қолы қойылған арнайы сыйлықтарды көрерменге тарту етті. Назарларыңызға баспасөз мәслихатына барған әріптесіміздің Қанат жайында жасаған видеоролигін ұсынамыз.