Бүлдіршіндер "Қазақстан дауысы" жобасына пародия жасады
Балалар елімізде бірнеше жылдан бері өткізіліп келе жатқан "Қазақстан дауысы" жобасына пародия жасап, видео түсірді. Видеода бүлдіршіндер өздерінің арасында байқау ұйымдастырады. Алдымен ортаға жүргізуші шығып, Гүлерке Жұматқызы деген қатысушыны көпшілікке таныстырады. Гүлерке әнін айтқаннан кейін, кезек тәлімгерлерге келеді. Олар қатысушыға кеңестерін айтып, өз топтарына шақырады. Айта кетерлігі, балалар видеода "Қазақстан дауысы" жобасындағы тәлімгерлердің сөздерін ғана емес, іс-әрекеттерін де қайталауға тырысқан.