Арал қайта тола ма?
Осыдан ондаған жыл бұрын басталған Арал теңізінің мәселесі әлі де шешімін таппады. 2020 жылға қарай бұл теңіз түбегейлі құрғап кетеді деген пікір айтушылардың саны көп. Десе де судың қайта толатынына сенімділер де аз емес. Сондай жандардың арқасында 2005 жылы Көкарал бөгеті салынып, бүгінде теңіз тағдырына алаңдаушылардың үміті қайта жанданып отыр. Назарларыңызға Аралдың қазіргі жағдайынан сыр шертетін арнайы видеоны ұсынамыз.