Естеріңізде болса, осыдан бірнеше ай бұрын порталымызға Шалғайдағы Шалабай... деген атаумен еліміздің шығысында орналасқан кішкентай ауыл жайлы фоторепортаж жариялағанбыз.Бұл ауыл бір кездері қазақтың ақбас сиырын өсіріп, барша жұртқа танымал болғанын, бірақ 90-шы жылдары дағдарыс кесірінен шаруашылығы құлдырап, қазір қайтадан қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын сол жазбада айтқан едік. Бүгін назарларыңызға Шалабайдан дайындалған арнайы видеоны ұсынбақпыз. Photosafari KZұжымы түсірген бұл туындыдан ауылдың қазіргі жағдайын көре аласыздар.