Марғұлан Сейсембаев ҚБТУ-да ағылшын тілінде дәріс оқыды

Елімізге белгілі кәсіпкер Марғұлан Сейсембаев Қазақ Британ Техникалық Университетінде ағылшын тілінде дәріс оқыды. Болашақта өз стартаптарын бастауды жоспарлап жүрген жандар үшін бұл дәрістің берер пайдасы мол болды. Бизнестің әртүрлі саласынан бақ сынап көргісі келетіндердің сұрақтарына тұщымды жауап беріп, оның оң шешімін тез арада табуларын тілге тиек еткен кәсіпкер, оларға өзінің өмірлік тәжірибиесіндегі ақпараттардан сыр шертті. Ендігі кезекте екі сағатқа созылған семинардың қалай өрбігені туралы видеороликті тамашалаңыздар.