Алматы облысы Райымбек ауданында Қайыңды атты таңғажайып көл бар. Бұл бір ғасыр бұрын жер сілкінісі нәтижесінде пайда болған жас әрі ерекше көл.Ұзындығы 400 метр, тереңдігі 30 метрге жуық Қайыңдының құпиясы көп. Солардың бірі су ортасында ұшы көрініп тұрған қарағайлар десек, қателеспеспіз. Білетіндер бұл жерде көлге дейін қарағайлы сай болған деседі. Кейіннен сайға су толғанда, олар су астында қалып қойған екен. Тамыры берік ағаштар құламай, сол күйі тұр, тек жапырақтары жоқ. Көпшілік көлдің бетін қызықтайды, алайда су астында не бар, суға сүңгігендерді қандай көрініс күтетіні жайлы сұрайтындар кем де кем. Назарларыңызға Қайыңды көліне сүңгіп түсірілген мына керемет видеоны ұсынғымыз келеді. Көріп отырып, ғажап көріністің куәсі болатыныңызға кепілдік береміз.