Жар таңдау терминалы
Қазіргі таңда көп жігіттер жар таңдау мәселесіне келгенде жиі қиналатындарын айтып жатады. "Менің ойымдағы қыз емес", "Мінезі ұнамайды", "Бойы менен ұзын", "Өскен өлкесі біздікінен бөлек", "Қазақша сөйлей алмайды", "Ұлты басқа", "Руымыз бір, арамыз жеті атадан аспаған" деген сияқты "сылтауларды" достарымыздан жиі естиміз. Әркімнің маңдайына бұйырған жары бар, бірақ оны іздегісі келмейтіндер де жоқ емес. Бүгінгі таңда сондайлардың көпшілігі әлеуметтік желіні "Жар іздеу бюросына" айналдырып алған іспеттес. Сол арада танысады, сол арада сөйлеседі, тек әңгімесі жарасса ғана кездесуге бел буады. Ал енді болашақты елестетіңізші, осы қарқынмен еліміздің түкпір-түкпірінде "Жар таңдау терминалдары" пайда болуы да ғажап емес қой? "Ол терминал қандай болады?" десеңіз, видеоға назар салыңыз!