Футболсүйер қауым қашан да каталондық Барселона клубы мен мадридтік Реал клубы арасындағы ойынды асыға күтеді. Әйгілі екі клубтың текетіресі футбол алаңының аясынан шығып кеткелі де біраз болды. Бұл Испанияда ғана емес, бүкіл әлемде белең алып жатқан жағдай. Мысалы, біздің елде: Қазір қазақтар жүзге бөлінуді қойған, есесіне Реал мен Барселона жанкүйерлері болып бөлінеді - деген әзіл бар. Күні кеше футболдан балалар арасында өткен турнирдің финалында осы екі клубтың 2004 жылы дүниеге келген тәлімгерлері кездесті. Олардың ойыны ересектерден еш кем болмағанын айта кеткен жөн. Видеоға назар салыңыз!