М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры Ұлы Дала елінің ұлы мейрамы Ұлыстың ұлы күні ерекше салтанатпен қарсы алды. Қазақы нақышпен әріптелген мейрам қарсаңында әсем әннен шашу шашылып, мың бұралған бишілер би биледі. Мерекеде сөз алған театр директоры Ерлан Біләл жылдан жылға Әз Наурыздың жаңаша сипатта орын алып келе жатқанын тілге тиек етіп, жиналған жұртшылықты қарға тамырлы қазақтың ұлы мейрамымен құттықтады. Осы бір керемет көріністі шағын бейнеролик арқылы назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік.