Қазақ халқының біртуар һәм бас ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 170 жыл толуына орай Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық мұражайында Семей облыстық тарихи-өлкетану музейімен бірлесіп ұйымдастырылғанАбай әлеміатты көрме ашылды. Көрме 31 желтоқсанға дейін жұмыс істейді. Массагет порталы орталық мұражайдың ғалым хатшысы Ғалия Теміртонмен әңгімелесіп, қойылған жәдігерлер туралы ақпарат алды.