Қазақ даласына Алғашқы махаббат деп, ән салған Мейрамбек Бесбаев 13 жасында дәл осылай аталатын фильмге түскен екен. Нағыз қазақи салт-дәстүр сақталған көріністері жаныңызға жылулық сыйлары һақ. Сапасы жоғары болмағанымен санаға құяры мол киноны көру арқылы көптеген тағылым алуға болады. Қазіргі МұзАРТ тобының белгілі әншісіне халықтың ықыласы мен ілтипаты осылай бала кезден оянған. Кешегі оқиғаның бүгінгі тарихқа айналып бара жатқанын осыдан-ақ аңғаруға болады.