Режиссер әрі фотограф Қанат Бейсекеев біраздан бері қысқаметражды деректі фильмдер түсірумен айналысып жүр. Осыған дейін бірнеше туындысын көпшілік назарына ұсынып үлгерген ол Алдаберген аға атты өзінің кезекті фильмін шығарды. Бұл туындының бас кейіпкері Алдаберген аға Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы Асы-Саға ауылында тұрады. Тазы өсіріп, бүркі баптаумен айналысатын ол кісі жайлы көп әңгіме айтуға болады. Алайда ол әңгімені кейіпкердің өзі айтып берсе, дұрысырақ болар. Ендеше, назар салыңыздар.