Ақжардың әсем жоталары
Қарағанды мен Қостанай облыстарының шекарасында орналасқан Ақжар жоталары өңірдегі туристік әлеуеті зор нысанға жатады. Саз топырақ пен гипстің бірнеше минералдары араласуы әсерінен түрлі түске боялған жоталарға осы уақытқа дейін бірнеше рет зерттеу экспедициялары барып, олардың барлығы да бұл мекеннің әсемдігінен қатты әсерленіп қайтқан. Сондай экспедициялардың біріне жақында Massaget.kz тілшілері де қатысқан еді. Назарларыңыз Ақжар жоталарынан дайындалған арнайы видеомызды ұсынамыз.