The Spirit оf Tengri фестивалі көрерменнің зор ықыласына ие болды

Алматының әсем кешінің көрігін қыздыратын The Spirit of Tengri-2016 заманауи этникалық музыка фестивалі де басталды. Көптеген ұлт әншілері жиналған фестиваль екі күнге созылады.

Түркі тілдес ұлттардың тамаша әндері шырқалатын фестивальге биыл қытайлық "Сыныптастар" деген жаңа әншілер тобы қосылған. Республика алаңының алдына жиналған халық саны да жылдағыдан көп екені байқалды.
 
The Spirit of Tengri фестиваліне отбасымен келіп, замануи этникалық музыка топтарының өнерін зор ынтамен тыңдады. Ертең жалғасын табатын фестивалдің алғашқы күні қалай өткені туралы төмендегі видеороликтен тамашалай аласыздар.