Қазақстандық қолданушылардың таным көкжиегін интернет арқылы кеңейту және қазақ тілін интернет көмегімен дамытуды мақсат тұтқан Массагет порталының жарнамалық ролигі жарыққа шықты. Ұзақтығы 36 секундты құрайтын бұл роликтің түсірілімі Іле өзенінің бойындағы Таңбалы тас мекенінде және порталымыздың Алматыдағы кеңсесінде өтті. Роликке Тұран этно-фольклорлық тобының мүшесі Ержігіт Әлиев пен Массагет порталының қызметкері Жолдас Өрісбай түссе, музыкалық сүйемелдеуге Arkaiym жаңа бағыттағы этно-фольклорлық тобының Күлтегін атты шығармасы алынды. Екі күндік түсірілімнен кейін бірнеше апталық монтаждау жұмыстары жүргізіліп, нәтижесін назарларыңызға ұсынып отырмыз.