DJI бүркітші қыз Айшолпанға арналған ролигін жариялады
Режиссер Отто Беллдің "Бүркітші қыз" ("The Eagle Huntress") деректі фильмі жарыққа шыққалы бірнеше айдан асты. Бүгінде туындыны ерекше қабылдаған көрермен он үш жасар Айшолпанның өнеріне тәнті екендерін айтып, ағынан жарылуда. Тіпті, фильм "Оскарға" ұсынылатынын да порталымызда хабарлағанбыз. Жақында видеоқұрылғылар шығаратын DJI комапаниясы "Бүркітші қыз" фильмінің негізінде түсірілген ролигін көпшілік назарына ұсынды. Роликте Айшолпан өзін таныстырып, бүркітшілікті қалай үйренгенін сөз етеді. Айта кетерлігі, аталған компания бүркітші қыз туралы фильмнің негізгі серіктестерінің бірі.