Рахат Тұрлыхановтың бүгінгі бейнесі

2000 жылдары ел эстрадасының жұлдызына айналған Рахат Тұрлыханов кенет қалың тыңдарманымен қош айтысып, ұшты күйлі сахнадан жоғалып кетті. Бұған біраз таңданыс білдіріп, оның қайда кеткенін іздеген халық та аз болмады. "Әже", "Азем" әндерімен қалың көпшілікке танымал болған Рахат Тұрлыхановтың ұзақ жылдар ішінде қандай болғанын, және бүгінгі күнде немен айналысатынын "Орталық Хабар" бағдарламасы  арнайы іздестіріп, жоғалған бейнені өз тыңдармандарымен қауыштыруды жөн санаған екен.