Алматыда "Жол" фильмінің тұсаукесері өтті

Еліміздегі ең танымал спорт түрлерінің бірі боксқа арналған "Жол" атты фильмнің тұсаукесер рәсімінен дайындалған арнайы сюжетті назарларыңызға ұсынамыз. "Қазақфильм" мен "567 creative laboratory" ұсынған картинада алып шаһарда тұратын жетім жігіттің бастан кешкен оқиғалары баяндалады. Қызықты кейіпкерлер мен шытырман оқиғаға толы бұл туындыға Асқар Ұзабаев режиссерлік етсе, басты рөлді Назар Шархан мен Динара Жұмағалиева сомдаған. Сонымен қатар, фильмнің түсіріліміне еліміздің көптеген танымал актерлары қатысқан.