Алматыда "Абай Әлемі" атты көрме ашылды

Қазақ халқының біртуар һәм бас ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 170 жыл толуына орай Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық мұражайында Семей облыстық тарихи-өлкетану музейімен бірлесіп ұйымдастырылған «Абай әлемі» атты көрме ашылды. Көрме 31 желтоқсанға дейін жұмыс істейді.

Массагет порталы орталық мұражайдың ғалым хатшысы Ғалия Теміртонмен әңгімелесіп, қойылған жәдігерлер туралы ақпарат алды.