"Еуразия" фестивалінде посткеңестік Грузия туралы фильм көрсетілді

Өткен аптада басталған "Еуразия" кинофестивалінде Саломэ Алекси түсірген "Несие" (Line of credit) фильмі көрсетілді. Жоба Грузия, Франция және Германияның мамандарының бірлесіп жұмыс істеуінің арқасында жүзеге асты.

Кинода Кеңес үкіметінің қармағынан босағаннан кейінгі Грузия сипатталады. Ресми мәлімет бойынша, тәуелсіздік алғаннан кейін ел халқының 14 пайызы үйінен айрылған.