"Жұлдыз FM" байқауға қатысушыларға сыйлық табыстайды

"Жұлдыз FM" радиосы "Мақсатыңа Массагетпен бірге жет" байқауына қатысушыларға сыйлық табыстайды. Бұл туралы радионың жүргізушісі Қалдыбек Жайсаңбай айтты. 

Ол қатысушыларға сәттілік тілейтінін айта отырып, өзіне ұнаған қатысушыларға сыйлық табыстайтынын жеткізді. 

Айта кетелік, әр жұмада "Жұлдыз FM" радиосындағы "Таңғы шоу" бағдарламасына байқаудың жетекшілері қатысады. Эфир таңертеңгі 9:45-те басталады.