Күйеу жолдас қыз жолдасқа той үстінде ұсыныс жасады

Бүгінде жастар арасында сүйетін қызына үйленуге ұсынысты ерекше етіп жасау дәстүрге айналып барады. Жігіттер жағы бұл маңызды шара алдында ұзақ толғанып, үлкен уайымға беріліп жатады. Бірі көп қаражатқа, екіншілері ұйымдастыру жұмыстарына басымдылық береді. Тосыннан туған ыңғайлы сәтті пайдаланып кететіндер де жоқ емес. Назарларыңызға ұсынып отырған мына видеоның бас кейіпкері солардың қатарынан болса керек.