ХХVIII қысқы Универсиада ойындарының ашылу салтанаты

Алматыда ХХVIII қысқы Универсиада ойындары ашылып, салтанатты кешке Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қатысқанын осыған дейін порталымызда хабарлаған болатынбыз. 3 сағаттай уақытқа созылған шара 12 мың орындық "Алматы-Арена" мұз сарайында өтті. Оны ұйымдастыруға 1,5 мыңға жуық маман атсалысқан. Тікелей эфирді өткізіп алған және қайталап көруге құштар оқырмандарымыздың назарына ашылу салтанатының толық видеосын ұсынамыз.