Біз көрмеген таңғажайып табиғат

Соңғы жылдары табиғи мәселелер жиі көтеріліп, адамзаттың Жерге әкелген зияны жайлы көп айтылуда. Десе де айтылғанның дені жүзеге баяу асып немесе қағаз бетіндегі бос сөз болып қалып жатыр. Оған әлі толыққанды шешімін таппаған Арал теңізінің жағдайы айқын дәлел. Алдағы жылдары адам баласы бірігіп, табиғи мәселелерді реттеуге бар күшін салмаса, барымыздан айырылуымыз бек мүмкін. Осы ретте "Жер планетасы: Таңғажайып көріністер" ("Planet Earth: Amazing nature scenery") атты видеоны назарларыңызға ұсынбақпыз. Бұл туынды Жер анамыздың сақтауға, қастерлеуге тұрарлық таңғажайып табиғатын ашып көрсетеді.