Қос туындының ғажап үйлесімі

Бірнеше музыкалық шығарманы қосып, өзіндік микс жасауға тырысатындар аз емес. Десе де мұндай өнертабыстар көпшілік назарына жиі іліне бермейді. Музыканы түрлі жанрда орындайтын америкалық "The Piano Guys" тобы бұл жағынан келгенде өзгелерден көш ілгері тұр. Бірі виолончельде, екіншісі фортепианода ойнайтын жігіттердің композитор Антонио Вивальдидің "Қысы" мен "Мұзды өлке" ("Frozen") анимациялық фильміндегі "Жібер де ұмыт" туындыларын әдемі үйлестіре алуы және оған түсірілген видеоның ел арасына бірден таралып кетуі соған дәлел болса керек.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту