"Барселона" тәлімгерлерінің әрекеті әлемді тамсандырды

"Барселона" мен "Омия Ардия" клубтарының 12 жасар тәлімгерлері арасындағы жолдастық кездесуде каталондықтар 1-0 есебімен жеңіске жетіп, жапон балаларының жеңіліске налығаны соншалық, олар көз жастарына ерік береді. Олардың мұңын көрген "Барселона" ойыншылары жеңістерін тойламай, құрдастарын жұбатуды жөн санайды. Бұл кейде үлкен футболдағы ойыншыларға жетіспейтін нағыз адамгершілік қасиет және мейірбандықты балалардан үйрену керектігінің тағы бір дәлелі.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту