Қазақстан барысы қалай пайда болды?

Жыл сайын "Астана" велотрек аренасында қазақша күресті жаңғырту барысында, еліміздің түкпір-түкпірінен палуандарды жинап белдестіретінін барлығыңыз жақсы білесіздер.  Жеңген жандар қомақты сыйлыққа ие болып жыл барысы атанады. Бүгінде өз жүйесін тауып, біршама кезеңдерді артта қалдырып қазақтың дәстүрлі түрде өтетін турниріне айналғандықтан қызығушылық та жыл сайын артып келеді. "Сақ" анимациялық мультфильмдер жасайтын студиясы да бұл жолы өздерінің жаңа туындыларын осы бір керемет жарыстың қалай басталғанын жанамалап болсын көрсеткен екен. Ормандағы күштілердің арасынан топ жарған барыс, жыл сайынғы өтетін қазақша күрестің атауы болып қалған екен.