Жан тебіренткен Жанат аға

Режиссер Қанат Бейсекеевтің "АҚШ-тағы қазақтар" атты деректі фильмдер топтамасының бұл бөлімі 2001 жылы мұхит асқан хореограф Жанат Байдаралинге арналады. Тағдыр көп сынаған Жанат аға бүгінде шәкірт тәрбиелеп АҚШ-тың мәдениетіне зор еңбек сіңіріп жүрген ұлағатты ұстазға айналған. Десе де жеткен жетістіктер туған жерге, туған елге деген сағыныштың жанында түкке тұрғысыз дүниедей көрінетінін ол кісінің берген сұқбатынан байқауға болады. Кейіпкердің ішінде қандай сыр жатыр? Оны фильмнен біле аласыздар.