"Ықылас" қысқаметражды анимациялық фильмі
Адам өзінен мықтырақ біреуді көргенде оған теңесіп, тіпті, одан асып түсуге тырысатыны анық. Бірақ кейде ол ойды жүзеге асыру қиынға соғып, адам бойындағы кісілігінен іштарлығы басымырақ болып кететін кездер болады. Ал іштарлық пен біреуді көре алмаушылық ешқашан жақсылыққа алып келген емес. Халқымыз мұндайда: "Біреуге ор қазсаң — өзің түсесің" дейді. Назарларыңызға осы ойды жақсы жеткізе алған "Ықылас" қысқаметражды анимациялық фильмін ұсынамыз.