Ұры мен қасқыр

Қой күзеткен қойшы мен иттің қиын жұмысы, әсіресе, түн уақытында ұйқы қысқанда ауырлай түседі. Олар бір сәтке көздерін ілсе болды, сақадай сай жүрген қасқыр қораға тап бермек. "Ұры мен қасқыр" деп аталатын бұл қысқаметражды фильмде бөрінің бізге беймәлім қырын ашатын оқиға баяндалады. Қой күзетеміз деп қора маңында ұйықтап кеткен қойшы мен итті оятуға қасқырды не итермеледі деп ойлайсыздар?