Теңгерім ("Balance")

Бос кеңістікте қалықтап тұрған төрт бұрышты тақтайдың үстінде 5 адам бар. Тақтай бір жаққа ауып кетпес үшін, олар теңгерімді сақтауға міндетті. Яғни, егер араларындағы біреуі шетке қадам жасауға ниеттенсе, басқалары да солай істеуі керек. Бесеудің ортасында татулық пен келісім барда бәрі жақсы еді. Алайда күндердің бір күнінде ол келісімді бұзған зат пайда болады... 1989 жылы ең үздік қысқаметражды анимациялық фильм атанып, "Оскар" сыйлығын жеңіп алған туындыға назар салыңыздар!