Темір мен айдаһар
Темір үнемі інісі Жаникпен сыйыспай жүреді. Оның ызақорлығын білетін Жаник ағасын мазақтаудан шаршамайды. Бірде әкесінен: "Балбал тасты айналып өтсең ақылың кіріп, есейе түсесің", - дегенді естіген Темір тезірек есею үшін кең далада кезіктірген сондай тастардың бірін айналып көруді ұйғарады. Тылсым күштер балақайды басқа бір әлемге алып кетеді. Енді ол кері қайту үшін ойын есейтіп, батыр атануы тиіс. Бүлдіршін өзіне қойылған бұл талапты орындай ала ма?