"Тастүлек" — бүркіт туралы мультфильм

Аңыз бойынша, бағзы заманда Жаратушы Ие құстар патшасын тағайындайтынын естіп, патшалықтан үміткер әрбір құс алып бәйтеректің басына жиналған екен. Бірақ Күннің ыстық жалыны мен өткір нұрына шыдай алмаған олар бірінің артынан бірі жерге құлап, бәйтерек басында тек бүркіт қана қалған көрінеді. Соңына дейін шыдаған ол Жаратушыдан өз сыйын алып, құстар патшасына айналыпты деседі. Назарларыңызға бір бүркіттің тағдыры арқылы қазақы тірлікті, көшпелілер мәдениеті мен саятшылықтың қыр-сырын ашып көрсететін ұлтымыздың қанына сіңген құсбегілік өнеріне арналған "Тастүлек" туындысын ұсынамыз.