Тас, қағаз һәм қайшы ("Broken: Rock, Paper, Scissors")
Жалғыздықта өмір сүретін Тас орман ішін мекен ететін Қағазға сырттай ғашық. Ол Қағазға тисе бөлшектеніп кететіндіктен ғашығының жанына жақындай алмайды. Күндердің күнінде орманға жолындағы ағаш атаулының бәрін шауып, Қағаздар әлемін жоюды мақсат тұтқан Қайшы келеді. Ғашығын қауіптен сақтап қалу үшін Тас оны алысқа алып кетуді жөн санайды. Алайда уақытылы қашып үлгермегендіктен, Қайшы құрбандарын тез қуып жетеді. Қағаз үшін болған шайқаста кім жеңіске жететінін видеодан көріңіздер!