Табиғат аясындағы өткел ("Wildlife Crossing")
Ары-бері көліктер зулаған тас жолдың бойында бір-біріне ғашық екі ұлу ғұмыр кешеді. Бір күні әдеттегі серуеніне шыққан олар өтіп бара жатып, дөңгелегі тасқа тиген көліктің кесірінен жолдың екі бетінен бір шығады. Енді ғашықтар біріне бірі жету үшін ортадағы үлкен өткелді бағындыруы тиіс. Ұлу болу да оңай емес екен ғой...