"Сыйлық" қысқаметражды анимациялық фильмі

Көптеген халықаралық байқауда жеңімпаз атанған бұл анимациялық туындыдағы жұптың хикаясы жігіттің қызға берген сыйлығынан бастау алады. Ол қандай сыйлық? Мәселенің бәрі осында. Жігіт қызға жан дүниесін сыйлаған еді. Ал қыз оған дәл солай жауап қайтаруға асықпайды. Сол себептен де екеуінің арасындағы ғашықтық оты біраз уақыт өткеннен кейін сөне бастайды. Хикая қалай аяқталғанын видеодан тамашалай аласыздар.